Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Өмірбаяны

Жеке парағы
ӘМІРЕЕВ Ғалым Махмұтбайұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1970 жылы Қызылорда облысының Тасбөгет кентінде дүниеге келген.

Мәскеу экономикалық-статистикалық институтының Қашықтан білім беру институтын, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қызмет» АҚ-да менеджер-тауартанушы болып бастаған.

1998-2000 жылдары Қызылорда шағын бизнес орталығында коммерциялық директор болып жұмыс істеген.

2000-2001 жылдары – «Пульс Кызылорды» жарнама агенттігінің директоры.

2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің жетекші маманы, бас маманы.

2002 жылдан бастап 2004 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, бөлім бастығы.

2004 жылы – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Шағын бизнесті қолдау жөніндегі комитетінің шағын бизнесті үйлестіру және қорғау басқармасының бастығы.

2005-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық даму комитеті инновациялық және ғылыми-техникалық даму басқармасының бастығы.

2007 жылдан бастап 2010 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясат департаментінің директоры, инвестициялық және инновациялық саясат департаментінің директоры, техникалық саясат, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала департаментінің директоры, инновациялық саясат департаментінің директоры.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жаңа технологиялар департаментінің директоры, жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің директоры.

2011-2013 жылдары – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инновациялық саясат департаментінің директоры».

2013 жылдан бастап 2016 жыл аралығында – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2016-2019 жылдары – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі.

2019 жылы – Қызылорда облысы Әкімі аппаратының басшысы.

2020 жылы – Қызылорда облысы "Байқоңыр" ӘКК тәуелсіз директоры.

2021 жылы – «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.


Жеке парағы