Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

Өмірбаяны

Жеке парағы
СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің Хатшысы
Смышляева Екатерина Васильевна 1982 жылғы 8 ақпанда Қостанай облысы Қостанай қаласында дүниеге келген.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Химик», «Химия» (компьютерлік химия) мамандығы бойынша магистратураны, «Әлеуметтік педагогика және психология» мамандығы бойынша Некрасов атындағы КМУ аспирантурасын бітірген – химик, химия магистрі, педагогика ғылымдарының кандидаты. «Денсаулық сақтау экономикасы» мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтында қайта даярлаудан өткен.

Еңбек жолын 2003 жылы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ химия пәнінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылдан 2008 жылға дейін оқытушы, аға оқытушы, аграрлық-биологиялық институт директорының орынбасары, «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» ММ-де талдау және мониторинг бөлімінің, жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып жұмыс істеді.

2008-2013 жылдары – Қостанай облысы бойынша «Жас Отан» ЖҚ республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы хатшысы, төрағасы, «Жас Отан» қоры» ҚҚ директоры.

2013-2015 жылдары – Қостанай перинаталдық орталығы бас дәрігерінің маркетинг және HR жөніндегі орынбасары.

2016 жылдан 2021 жылға дейін – «Қостанай облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

2012 жылдан 2021 жылға дейін – Қостанай облыстық мәслихатының V-VI шақырылымының депутаты, мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі.

Әр жылдары А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында сабақ берді.

2021 жылдан 2023 жылға дейін – «AMANAT» партиясынан партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VII шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «AMANAT» партиясынан партиялық тізім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі VIIІ шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы.

ҚР Президентінің грамотасымен, «Белсенді қызметі үшін» партия медалімен, «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» кәсіподақ наградасымен марапатталған.

Жеке парағы