Өмірбаяны

Жеке парағы
ХАМЕДОВ Абилфас Муслимович
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі
1962 жылдың 7 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ильич ауылында дүниеге келген.

1981 – 1989 жж. – Алматы сәулет-құрылыс институты, мамандығы өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс. Біліктілігі Инженер-құрылысшы.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен сәулет өнерінің кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

2015 – 2016 жж. Халықаралық Сәулет академиясы, Мәскеу бөлімшесі.

04.1980ж. – 10.1982ж. – АМАӨБ № 2 Автокомбинатының жүргізушісі;

11.1982ж. – 12.1982ж. – №55/70 дүкенінде уақытша жүк тиеуші болып жұмыс істеді;

12.1982ж. – 12.1983ж. – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде тас қалаушы;

12.1983ж. – 03.1990ж. – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде шебер;

03.1990ж. – 09.1994ж. – ЖМК-5 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінің бас инженері;

09.1994ж. – 05.2003ж. – «Наргиз» ШК директоры;

05.2003ж. – 01.2021ж. – «Центрпласт» директоры, 2016 жылы «АХЭКО» ЖШС болып өзгертілді.

2000 жылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан әзірбайжандарының республикалық қауымдастығының басшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

04.2017ж. – 04.2018ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

15.01.2021 жылдан бастап – VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

«Құрмет» орденімен, II дәрежелі «Достық» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Үйленген, үш ұлы бар.


Жеке парағы