Сайт бояуы
Әріп арасындағы қашықтық
Суреттер

"Редакциялау және аударма бөлімі"

Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлы
ҚР Парламенті Мәжілісі Баспасөз қызметінің меңгерушісі
1986 жылы 18 қаңтарда туған.

Білімі жоғары.

«Қайнар» университетін бітірген, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі академиялық магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қайнар» университетінің қазақ филологиясы факультетінің оқытушысы болып бастады.

2007-2011 жылдары – «Рахат-ТВ» тәуелсіз телекомпаниясы» ЖШС редакторы.

2011-2018 жылдары – «Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі.

2018 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, сонымен қатар Маңғыстау облысы Ішкі саясат басқармасына қарасты «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ басшысы қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары – Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметінің сарапшысы, консультанты, инспекторы қызметін атқарды.

2022 жылдың наурыз айынан бастап Парламент Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі меңгерушісінің орынбасары.

2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Баспасөз қызметінің меңгерушісі болып тағайындалды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен және бірқатар мерекелік медальдармен марапатталған.

Бөлімнің қызметі мен міндеттері

Парламент Мәжілісінің, Палата Төрағасының және оның депутаттарының қызметін жария ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, депутаттар мен журналистерге телеарналық бағдарламаларда, баспасөз басылымдарында, сондай-ақ ақпараттық агенттіктерде сөз сөйлеу мен сұхбат жүргізуге ықпал етеді.