Цвет сайта
Расстояние между буквами
Изображения

Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» 

сыйлығына өтінімдер қабылдауды бастайды

 

Мәжіліс Парламенттің заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды. 

Дәстүрлі түрде қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау журналистердің кәсіби мерекесі – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

Атаулы сыйлыққа Палатаның заң шығарушылық қызметі жайында 2021 жылдың қыркүйегі мен 2022 жылғы 20 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар қазақ және орыс тілдерінде 6 номинация бойынша анықталады. Мәжілістің қызметі туралы үздік телевизиялық, баспа жарияланым, интернет және радиоматериал, сонымен бірге, арнайы репортаж бен фото және бейне-сурет материалдар бойынша анықталады. Сондай-ақ, парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы мен Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы үздік жасалған арнайы репортаж атап өтіледі.

Жеңімпаздарды құрамында депутаттар бар арнайы комиссия анықтайды.

Өтінімдерді 2022 жылдың 20 маусымына дейін Smimazh@parlam.kz эектрондық поштасына жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz/mazhilis ресми сайтынан немесе 74-68-44, 74-63-01, 74-63-05 байланыс телефондары арқылы ала аласыздар.

 

 

Мәжілістің Баспасөз қызметі – 74-63-01