АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
МАЗМҰНДЫ ІСТЕРГЕ ТОЛЫ СЕНБІ

 Демалыс күні болғанына қарамастан, партияластарым өте белсенді. Бәріміз партияның орталық аппаратында бас қосып, жаңа Жолдауды іске асыру бағыттарын талқыладық. «Ауыл» ХДПП төрағасы Әли Бектаев атап өткендей, Жолдауда айтылған тапсырмалардың сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету маңызды. Әрдайым «Ауылым – байлығым» деп, ауыл шаруашылығы мен ауыл жағдайына баса көңіл бөлетін Әли Бектаев партияның алдағы жұмысы туралы сүбелі ойын айтып, нақты мақсат-міндеттерді белгіледі.

Сондай-ақ жаз бойы «Ауыл» депутаттары ел өңірлерін аралап, тұрғындармен кездескені белгілі. Бүгінгі жиын барысында халықпен кездесу нәтижелерін ортаға салдық. Халық тарапынан айтылған барлық сұрақтар мен ұсыныстар тиісті органдарға жіберіліп, көптеген өзекті мәселелер алдағы депутаттық сауалдарымызға негіз болмақ. Жинақталған материалдар фракция депутаттарының заң шығарушылық жұмысында да пайдаланылатын болады.