-
14 наурыз - Көрісу күні құтты болсын!
Көрісу күні әр шаңыраққа құт-береке, бақыт пен табыс әкелсін! Бір жерде айт, бір өңірде амал мерекесі деп тойланатын бұл күннің тарихи маңызы зор, тәрбиелік мәні терең. Қазақтың жері қандай кең, көңілі қандай дархан болса, сонша ұғым мен оның түрліше тойлануы заңдылық болар. Дегенмен, бәрі де сыйымды, бәрінің де жөні бір. Адамдар бір-бірінен амандық-саулық сұрасып, көрісіп: «Бір жасыңмен!», «Жасың құтты болсын!», «Жасың қайырлы болсын!» деп, тілек білдіреді. Береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болғай! Бір жастарыңызбен!