Бүгін Мәжілістің Қоғамдық қабылдауында тұрғындармен кездестім. Әр түрлі адамдар, әр қилы тағдырлар. Әділетсіздікке тап болған жандар да бар. Тұрғындар осындай түрлі сұрақтармен депутаттарға жүгінеді, демек мемлекетке, билік өкілдеріне сенім артады. Сондықтан қоғамдық қабылдауға келіп, көмек, кеңес сұраған адамдардың мәселелеріне зер салып, назардан тыс қалдырмаймын.
Жалпы осындай кездесулер "халық үніне құлақ асатын" мемлекет және "ықпалды парламент" қағидасын іске асыруға зор үлес қосады.
Қоғамдық қабылдауға келе алмаған азаматтар parlam.kz сайтындағы жеке парағыма, E-otinish порталы және әлеуметтік желілер арқылы сауалдары мен ұсыныстарын жолдай алады.