АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Бүгін «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың төрағалығымен және партия фракциясы депутаттарының қатысуымен мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған өңірлерден келген партия мүшелерін марап

Бүгін «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың төрағалығымен және партия фракциясы депутаттарының қатысуымен мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған өңірлерден келген партия мүшелерін марапаттау рәсімі өтті.

Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада қаза болғандарды аза тұту күніне орай, жиынымыз бір минут үнсіздікпен басталды.

Сондай-ақ, партияның іс-шаралар жоспарына сәйкес,  VII «Еңбек озаттары форумын» өткізу жоспарланған болатын, алайда, еліміздегі қайғылы оқиғаға байланысты аталған іс-шара кейінге шегерілді.

Дегенмен, партия мүшелерін мемлекеттік наградаларымен шын жүректен құттықтаймыз!