БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА
Елімізде апаттық жағдайда деп танылған мектептердің саны артты. Бұған құрылыстың сапасы мен білім беру ошақтарының әбден тозығы жеткендігін аңғартады. Осыған байланысты 30 жылдан асқан білім беру мекемелерінің жай-күйін, сейсмикалық тұрақтылығын 5 жылда бір тексеру сияқты талап заңға алғаш рет енгізілді. Осы талаптардың орындалуы, сондай-ақ мектептердің инфрақұрылымы, ондағы баланың қауіпсіздігі, жаңа мектеп құрылысы туралы мәжілістің жалпы отырысында талқыланды. Еліміз бойынша апаттық жағдайдағы 50-ден аса, ескірген 400-ден аса, саманнан соғылған, тозығы жеткен 200-ден аса мектеп бар. Тіпті, ғасырдан асып, "көненің көзіндей" болған мектепте балалар оқуға мәжбүр. Осы мәселені шешу үшін 22 жаңа мектептің құрылысы басталып, тағы 7, мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Президенттің бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында да біраз білім беру мекемесінің құрылысы қарқынды басталды. Мәжілістің отырысында мектептердегі инфрақұрылымды жетілдіру бойынша да сұрақтар қаралды. Askhat Aimagambetov Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі