АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ауыл халқын біздің жүн мен теріні игілігімізге жарата алмағанымыз өте қынжылтады.

Ауылдарда малдың терісі мен жүнін қабылдайтын орындар болмағандықтан, тері шикізаты далада шіріп, бекерге ысырап болуда.

 Мәселе көтерілгелі біраз уақыт болса да Үкімет тарапынан қозғалыс жоқ.  Біз қолда бар шикізатты іске жарату жолын табудың орнына оның жолын жауып әлекпіз.

Жүн мен тері ішкі нарықта қажетсіз қалды, себебі өңдейтін зауыттардың жағдайы мүшкіл.

Шикізатты сыртқа шығаруға да мүмкіндік берілмеді. Тері шикізатына біресе кедендік баж салығы қойылды, біресе шекарадан шығаруға тыйым салынды.

Тері өтпегендіктен фермерлер жылына 30 млрд теңгеге дейінгі кірістен қағылып отыр. Ауылда малмен күн көріп отырғандарды ескерсек, бұл көрсеткіш еселеп артады.

Оған жарамсыз қалған жүнді қосыңыз. Біз жүннен жылыту құрылыс материалдарын да жасай алмадық.

Қажет десеңіз, жүннің 1 килосын шетелге 500 теңгеге сатып, сол жүннен жасалған дайын өнімді жүз есе қымбат бағаға сатып аламыз. Мысалы кезінде сыйыр терісін шетелге мың теңгеге сатып, сол теріден тігілген сыртқы киімді кемінде 100 мыңға сатып аламыз. Ешқандай есеп -логикаға сыймайтын нәрсе. Сонда министірліктің  мыңдаған мамандары не ойлайды екен?

Мұның бәрі жеңіл өнеркәсіптің дамымай, артта қалып отырғандығынан!           Осы сала қашан жолға қойылады?