Құрметті Мадина Ерасылқызы!
Банктердің жеке адамдардың кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуына тыйым салу жөніндегі ұсынысыңызға қайта оралып, кейбір тұстарын нақтылағым келеді.
Банктер мен микроқаржы ұйымдарына азаматтардың кредиттерін коллекторлық агенттіктерге сатуға толық тыйым салынады ма?
Егер осындай тыйым салу нормасы толық енгізілсе, онда банктер мен қаржы ұйымдары проблемалық берешектен құтыла алмайтынын алдын-ала түсіне отырып, борышкермен өзара тиімді шарттарды қарастыруға тырысатыны анық.
Мадина Ерасылқызы, тыйым салу нормасы енгізілген жағдайда, банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін қандай шаралар қолдану көзделеді?
Және банктер мен микроқаржы ұйымдары үшін берешекті реттеу рәсімі міндетті ма?
Әлде борышты реттеу жұмысының нәтижесі бойынша банктер мен микрокаржы ұйымдарына проблемалық берешекті коллекторларға сатуға рұқсат беріле ма?