Бүгін «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың төрағалығымен Парламент Мәжілісінде кезекті фракция отырысы өтті.
Жиында партия төрағасы фракция мүшелерімен және де партия аппаратының қызметкерлерімен партияның жұмысын одан әрі жетілдіру жолдарын талқылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауындағы заң жобалары бойынша және депутаттық сауалдарды әзірлеу жөніндегі тиімді жұмыс алгоритмін құру қажеттігі де алға тартылды.
Бұдан басқа, партияның сайлауалды бағдарламасы аясындағы халыққа берілген уәделер мен міндеттемелерді орындау мәселелері қарастырылды. Әсіресе, әлеуметтік саладағы, заң шығару саласындағы міндеттемелерді орындау қажеттілігіне ерекше назар бөлінді.
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қазіргі өзгермелі заман талаптарына сай, еліміздің мүдделерін алға қоятын, үнемі жаңғыру үстіндегі партия болу қажеттігі айтылды.