АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Елдің даму деңгейі - қоғамдағы әйелдердің гендерлік теңдігі, құқықтық-саяси, экономикалық мүмкіндіктерімен өлшенетінін жиі айтатын Президент әйелдер мен балалар құқығын қорғауға нақты міндет жүктеді.

Елдің даму деңгейі - қоғамдағы әйелдердің гендерлік теңдігі, құқықтық-саяси, экономикалық мүмкіндіктерімен өлшенетінін жиі айтатын Президент әйелдер мен балалар құқығын қорғауға нақты міндет жүктеді. Декриминализацияланған баптар өзгеріп, қатаңдату шаралары қайта қолға алыну қажеттілігі турасында Мемлекет басшысы атап өтіп, тапсырма берді. Міне, осы жүктелген міндетті орындау үшін жаңа нормалар қайта-қайта талқыланып жүр.


Мысалы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

✅әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу;

✅өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру;

✅психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін 111 контакт орталық құру;

✅зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, қорқытуға ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету шаралары көзделіп отыр.


Сондай-ақ дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға, сақтауға, нығайтуға және балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз етуге негізделген неке-отбасы заңнамасының қағидаттары бекітіледі.


Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру жөніндегі бірқатар құзыреті қарастырылады. Бұл дұрыс бағыт, оң шешім. Ел дамуының тұрақты кепілі - азаматтарының заңды мүдделерінің қорғалуы, әйелдер мен балалардың қауіпсіз өмір сүруі. Сондықтан Президент айқындаған жүйелі шаралар іске асса, мемлекетіміздің өркендеуі ілгерлейді.