АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ел мүддесі мен мемлекетіміздің көркеюіне себеп болуына сеніміміз зор

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында бірнеше тақырыптар қамтылып, баяндамалар оқылды, ұзақ талқылаулар да болды. Ең алдымен, Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатайту туралы заңды қабылдағанын, құжат Сенаттың қарауына жіберілгенін айта кету керек. Қоғамдағы түйткілді мәселенің түйінделетін кезі жақын.


Одан бөлек жиындағы тағы бір жаңалық - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова @akmaralalnazarova @healthcare.gov.kz Парламентте алғаш рет министр ретінде мінберде сөйледі. «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» баяндап, елімізде өндірілген дәрілерді дүниежүзілік сауда ұйымы елдеріне экспорттай алатынын жеткізді. Сондай-ақ шетелге экспорттау кезінде патентпен қорғалған дәрілік заттарды өндіруге міндетті лицензияларды беру шарттары нақтыланды. Бұған дейін оларды тек ішкі нарыққа шығаруға рұқсат берілді. Енді ДСҰ мүше кез келген мемлекет міндетті лицензия бойынша өндірілген өнімді экспорттай алады. Бірақ мұндай дәрі-дәрмек өндірісі коммерциялық мақсатты көздемейді, тек халықтың денсаулығын сақтау үшін жүргізіледі.


Бүгін Мәжілісте Ғылым туралы заң жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар баяндалды. Комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов @aimagambetov енді жергілікті атқарушы органдар ғылыми жобалар мен бағдарламаларды ұйымдастырып, қаржыландыра алады. Ғалымдар мен оқытушыларға үстемақы төленетін болады, сондай-ақ жаңа заң нормалары бойынша “ғылыми этика”-ны сақтауға тура келеді.


Міне, осындай елеулі деген жаңалықтар ізімен іске кірістік. Алда қызу жұмыс, топтық талқылаулар бар. Ел мүддесі мен мемлекетіміздің көркеюіне себеп болуына сеніміміз зор.