АБДЕН
Қарақат
Жақсылыққызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» тақырыбында халықаралық конференция

Конференция аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан Парламенттерінің депутаттары, қатысушы елдердің мемлекеттік органдарының басшылары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері және қоғам қайраткерлерінің кездесуі өтеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан 2023 жылы Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалықты қабылдады. Бұл – өңірдің әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық платформа.