ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
«АМАНАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау.

Ағымдағы жылдың 18 сәуірінде «АМАНАТ» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Қабылдауға материалдық көмек көрсету, мүгедектігі бар балалар мен көп балалы отбасылардан шыққан балаларға жәрдемақы төлеу, тұрғын үй қатынастары саласында, атап айтқанда, көп балалы отбасыларға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына жалға берілетін тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру және еңбек заңнамасын бұзушылықтар, тұрғын үйді бұзу туралы сот актілерімен келіспеушілік, кредит төлеуге байланысты проблемалық мәселелер, бастауыш сыныптардағы оқу процесі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың жалпы мәселелері, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуге қатысты мәселелермен 14 азамат жүгінді.

Барлық азаматтарға тиісті түсіндірмелер берілді.


Image title

Image title

Image title