ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінін ауылдық елді мекендерді сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз етуге қатысты тақырыптық өтырысына қатысу.

«Ауылдық елді мекендерді сапалы интернет-байланыспен қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өткізілді.

Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин баяндама жасады.

Комитет отырысына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері, Абай облыстық мәслихатының төрағасы, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «КаР-Тел» ЖШС және т.б. байланыс операторларының өкілдері қатысты.

Тақырыптық отырыс барысында депутаттар ауылдық елді мекендердегі интернет сапасының өзекті мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, депутаттар ауылдық аймақтарды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының санына қарамастан ұялы байланыс базалық станцияларын орналастыру мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі туралы мәселелерге тоқталды.