ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінін Қазақстандағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы тақырыптық отырысына қатысу.

«Автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы» тақырыбы бойынша Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің тақырыптық отырысы өткізілді. Отырысты Комитеттің төрағасы Нұртай Салихұлы Сабильянов жүргізді.

Депутаттар алдында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Серікболұлы Ыдырысов баяндама жасады.

Комитеттің тақырыптық отырысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығының өкілдері қатысты.

Тақырыптық отырыс барысында депутаттар жол сапасы мәселелерін көтерді.

Сондай-ақ, депутаттар жергілікті маңызы бар жолдарды дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді атап өтті. Өйткені бұл жолдар өңірлерді дамытудың ең маңызды шарты болып табылады және өмір сүру сапасын жақсартуға айтарлықтай әсер етеді.