Менің сұрағым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.
Құрметті Светлана Қабыкенқызы!
Өңірлерде ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған техникалық құралдардың қызмет ету мерзімін қайта қарау туралы мәселе көптеп көтерілуде. Атап айтқанда, әңгіме кресло-арбалар туралы болып отыр. Бүгінде Елімізде арба қолданушылардың саны 6 мыңнан асады.
Министрліктің ұсынуы бойынша үйде қолданылатын арба кемінде 7 жыл, серуендеу 4 жыл қызмет етуі тиіс. Өкінішке қарай, сапаны ескере отырып, ең жақсы жағдайда қәзір беріліп жатқан арбалар 2-3 жылға ғана жетеді.
2022 жылдың қарашасынан бастап бізге «кресло-арбалардың сипаттамаларын жақсарту және оларды пайдалану мерзімдерін қайта қарау бөлігінде техникалық оңалту құралдарын өзектендіру бойынша» жұмыстар жүргізіліп жатқанын білеміз.
Енді бұл жұмыстың жүргізіліп жатқанына жақында бір жыл болады.
Нәтиже жоқ.
«Мүгедектігі бар адамның үкіметтен берілген арбаны қанша жыл пайдалануы керектігін шешу үшін Сіздің Министрлігіңізге тағы қанша уақыт керек?» - соны нақты айтыңызшы.