ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заң жобасы бойынша таныстырылымға қатысу және сөз сөйлеу.

Келесі сөз депутат Әбдиев Ерлан Тұрсынбайұлына беріледі.

ӘБДИЕВ Е.Т. Рақмет.

Тимур Мекешұлы, 138-бапта төрт бақылау саласын алып тастапсыздар. Қазіргі уақытта, өздеріңіз білесіздер, тендер мәселесі жақында болған оқиғаларға байланысты күрделі болып тұр. Соған байланысты мына кодексте мемлекеттік сатып алудағы заңды сақталу функцияларын алып тастаудың арқасында біз осыны әлсіретіп алмаймыз ба? Қалай ойлайсыз, ертеңгі күні мемлекеттік сатып алу, қадағалау заңдары әлсіреп кетпей ме? Өйткені қазір біз кодексті өзгерткеннен кейін, сәйкесінше, заңдарды соған сәйкес келтіреміз деп мемлекеттік сатып алу туралы заңға да өзгерістер еніп кете ме деген күдік бар. Және осы пункт бойынша, яғни мемлекеттік сатып алудың функциясын алып тастау бойынша қандай анализ жасалды? Қандай эффект аламыз? Сол туралы бір сандық дәрежеде, яғни в числовом выражении анализ бар ма?

ЖАҚСЫЛЫҚОВ Т.М. Сұрағыңызға рақмет. Рұқсат етсеңіз, орыс тілінде жауап берсем.

Что касается поправок, о которых говорилось в презентации и говорится в законе. Дело в том, что контроль в этих 10 сферах не исключается ни в коем случае. Здесь речь идет о том, чтобы более четко регламентировать общие требования к порядку ведения этого контроля. Они должны быть установлены на уровне отраслевых законов, они теперь детально прописываются там. Об этом идет речь.

ӘБДИЕВ Е.Т. Мысалы, кіші кәсіпкерлердің арасында да көбінесе соңғы инстанция мемлекеттік сатып алуларда әділдікке жететін кезде... арқылы ғана тендерлер өздерін ақтап ала алады. Сіздер оны қазір кодекстен алып тастап жатырсыздар. Ертең кәсіпкерлер қиналып қалмай ма деп жатқаным ғой.

ЖАҚСЫЛЫҚОВ Т.М. Дело в том, что в специализированном законе все эти требования остаются. Они должны быть четко прописаны в отраслевом законе. Об этом речь. Из закона требование не уходит ни в коем случае. Не будет такого, что сошлются на то, что теперь требования не предъявляются.

ӘБДИЕВ Е.Т. Анализ туралы не айтасыз? Қандай анализ жасалды? Бұны алып тастаған кезде біз қандай эффект аламыз? Ол не үшін алынып жатыр?

ЖАҚСЫЛЫҚОВ Т.М. Конечно, был проведен детальный анализ. Мы его проводили совместно с экспертами. Привлекли широкий круг экспертов, в том числе из Национальной палаты предпринимателей, госорганы активно участвовали. Результаты анализа можем предоставить.

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ. Ерлан Тұрсынбайұлы, мәселеңіз өте орынды. Осы жағын жұмыс тобында бірлесіп қарастырайық. Өйткені толық талдау жасау керек.

Жалпы, бизнесті дамытуға байланысты норма қаралған ба? Әлде бір ведомствоның немесе бір министрліктің мүддесін көздеуге қаралған ба? Біз осының аражігін ажыратып алуымыз керек. Рақмет.