ӘБДИЕВ
Ерлан
Тұрсынбайұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысына қатысу және сөз сөйлеу.

Менің сурақтарым баяндамашыға арналады.

Құрметті Наталья Николаевна!

Жылумен жабдықтау саласындағы басқарудың тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит, Екібастұз қаласында төтенше жағдайлар жарияланғаннан кейін қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның тапсырмасымен басталды.

Осы тексеру нәтижелері бойынша, Сізге мынандай екі сұрақтарым бар. Жылумен жабдықтау және инвестициялық бағдарламаларды орындау саласындағы басқару процесінде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету ушін Жоғары аудиторлық палата қандай шаралар ұсынады? Ықтимал бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық схемаларын жою үшін не жоспарлануда?