Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүшесі болып табылады және ынтымақтастықтың түрлі салаларында ұйымның басқа мүшелерімен қарым-қатынасты сақтай отырып,
оның қызметіне белсенді қатысады.
Осы Келісімді ратификациялау ТМД елдерінің аумағынан жұқпалы аурулардың әкелінуі мен таралуын, сондай-ақ халықтың
денсаулығы үшін ықтимал қауіпті тауарларды әкелу мен өткізуді болғызбауды көздейді.
Келісімге сәйкес қатысушы мемлекеттер ұлттық заңнамаларға сәйкес алдын алу үшін қажетті шараларды жүргізуге міндеттенеді. Қатысушы мемлекеттердің аумағында әкелінетін барлық тауарлар санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуі және тиісті құжаттармен сүйемелденуі тиіс.
Аталған Келісім 2005 жылы қабылданған халықаралық медициналық-санитарлық ережелерге сәйкес келтірілген айта кету керек. Бұл ережелердің мақсаты барлық мемлекеттерге аурулардың халықаралық таралуынан қорғауға көмек көрсету болып табылады.
Келісім ережелері Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейді.
Оны ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға
алып келмейді.
Құрметті әріптестер, осы айтылғанды ескере отырып, аталған заң жобасын қолдауды ұсынамын.
Назарларыңызға рақмет!