2023 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы
жария етілді Премьер-Министрінің орынбасары
Т.Б. Дүйсеноваға
Депутаттық сауал
Құрметті Тамара Босымбекқызы!
Депутаттық сауалымызға бұқаралық ақпарат құралдарында, мүгедектігі бар адамдардың тыныс-тіршілігі, оның ішінде қоғамның мүгедектігі бар адамдарға деген оң көзқарасы туралы әлеуметтік видео-материалдардың аздығы себеп болды.
Әлемде бір миллиардтан астам адам немесе әлем халқының шамамен
15%-ы мүгедектіктің қандай да бір түрімен өмір сүріп жатыр деп есептеледі.
Көптеген елдер мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсарту шараларын жүзеге асыруға кіріскенімен, бұл салада әлі де көп жұмыс атқару керек. мүгедектігі бар адамдар тап болатын көптеген кедергілерді болдырмауға және мүгедектікке байланысты қолайсыздықты алдын ала еңсеруге болады. Бұл үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуды керек.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарында бірыңғай республикалық медиа-жоспар аясында мүгедектігі бар адамдардың проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған бұқаралық ақпарат құралдарында әлеуметтік көмектер мен мақалаларды орналастыру бойынша іс-шара өткізу көзделген.
Алайда, мүгедектігі бар адамдардың, өмір сүру сапасын жақсарту және құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қалын жұрт хабардар емес. Жергілікті деңгейде жұмыс берушілер арасында мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілікті жою бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жеткіліксіз.
Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: жауапты уәкілетті органдар Ұлттық жоспарды іске асыру бойынша тиісті шараларды қабылдамай отыр, бұл туралы бұрын менің сауалымда жүріп-тұруы қиын адамдарды кедергісіз ортамен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде айтылған болатын.
Мәселен, өткен жылдың көктемінде еліміздің киноэкрандарына қазақстандық мүгедектігі бар спортшылардың жетістіктері туралы «Параолимпиадашы» фильмі прокатқа шықты. Бірақ бұл фильм ұлттық телеарналарда кеңімен көрсетілмеді.
Тағы бір маңызды мәселе - мүгедектігі бар адамдарды «шығармашылық оңалтуы» мәселесі.
Мүгедектігі бар адамдар арасында шығармашыл адамдар да бар. Шығармашылық оның өмірінің басты мәніне, талантын ашуға шабыттандыратын қозғаушы күш пен қуатқа айналады. Әртүрлі шығармашылық салаларда мүгедектігі бар адамдарды тарту қажет.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктері мен жергілікті атқарушы органдарының тығыз байланысмен орындауы қажет мынадай бастамаларды ұсынамыз:
- бұқаралық ақпарат құралдары және ақпарат таратудың басқа да заманауи құралдары арқылы, мүгедектігі бар адамның жағымды имиджін қалыптастыру мақсатында мүгедектігі бар адамдардың әлеуеті мен қоғамның түрлі салаларына қосқан үлесін кеңінен насихаттауды қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар адамдардың шынайы өмірінен алынған телебағдарламаларды, тәрбиелік-танымдық сипаттағы бұқаралық іс-шараларды ілгерілету және санын кеңейту үшін, белгіленген тәртіппен қаражат бөлуді көздеу;
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінде әртүрлі санаттағы мүгедектігі бар адамдарға арналған арнаулы кафедра ашу туралы мәселені қарастыру;
- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті жерлерде шығармашылық оңалту орталықтарының ашылуын қамтамасыз ету және оларды материалдық-техникалық жарақтандыруды көздеу қажет деп санаймыз.
Шығармашылық оңалтудың мысалдары ретінде: музыка және театр қызметі, «Қолөнер мектебі», «Инклюзивті театр», «Үй ошағы» клубтарын ұйымдастыру, қала музейлеріне және тарихи нысандарға экскурсиялар ұйымдастыру, арт-терапия түрі ретінде музыкалық терапия, театр кеңістігінде шығармашылық оңалту бағыттары бойынша шығармашылық сабақтар және тағы басқалар болуы мүмкін.
Ұсынылған бастамалар инклюзивті қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді деп есептейміз.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаттары,
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Е. Әбдиев
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық
партиясының фракциясының мүшесі Т. Серіков
А.С. Жұмажанова
74-67-82