Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Сайлау алдындағы бағдарлама

Күшті аймақтар – қуатты Қазақстан

Жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлін күшейту. Облыстық әкімдерге дейін жергілікті әкімдерді сайлау. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту.

Білімді ұлт Алаш елінің болашағы

Сапалы және қолжетімді білім. Аймақтық ғылым мен жоғары білім жүйелерін қаржыландыруды жақсарту. Мектепке дейінгі білім беру саласынан бастап қосымша білім беру мен балалар спорт секцияларының жаттықтырушыларына дейінгі барлық санаттағы педагогтердің жалақысын арттыру.

Бір халық - бір ұлт

Этносаралық келісім – Алаш елінің бейбіт дамуының кепілі. Қазақ тілін қолдану аясын кезең-кезеңімен кеңейту. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қайта форматтау.

Ауылым – алтын бесігім.

Ауылдық өңірлерді, олардың экономикасы мен инфрақұрылымын дамыту. Ауылдағы өмір сүру деңгейі қаладағыдан төмен болмауы керек. Мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту.

Әділ әлеуметтік саясат.

Еңбек жағдайларына байланысты әділ зейнеткерлік жасты белгілеу. Әйелдердің зейнеткерлік жасын тәрбиеленген балалардың санына байланыстыру. Жетімдерді тұрғын үймен толық қамтамасыз ету. Әділ салық салу. Бай көп төлеуі керек.