Сондай-ақ, Tele2/Altel ұялы байланыс операторларының жаңа буын 5G байланыс базалық станциясына бардық. Облыстың ақпараттандыру басқармасының басшысы Азамат Қашиев бізді жақында жұмыс істей бастаған және қазір қалада Tele2 және Altel ұялы байланыс пайдаланушылары үшін 5G қолжетімді жаңа байланыс мұнарасымен таныстырды.
- Ағымдағы жылы ақпараттандыру басқармасы "Кар-Тел" (Beeline) компаниясымен 23 елді мекенде 4G стандартының 26 базалық станциясын жаңғырту және салу бойынша мәселе пысықтады. Сондай-ақ, "Мобайл-Телеком Сервис" ЖШС операторымен (Теле2/Алтел) Қостанай қаласында 5G стандартының 11 станциясын салу жөнінде уағдаластық бар, - деп атап өтті Азамат ҚАШИЕВ