Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Арқалық қаласында обьектілерді аралау

Арқалық қаласында  Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты және Арқалық политехникалық колледжі ұжымдарымен кездесулер өткіздім. Сонымен қатар  «AMANAT» партиясы қалалық филиалының төрағасы С.Тасмағанбет және қала әкімінің орынбасары М.Жұманов жөндеу жүріп жатқан объектілердегі жұмыс барысымен таныстым: Н.Кұлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі, Мәдениет сарайы, Северный кентіндегі №10 орта мектеп. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес орындалуда. Ол үшін қажетті материалдар мен техника қамтамасыз етілген. Аталған объектілерде жұмысты сапалы жүргізу және нысындарды уақытылы тапсыру қажеттігі туралы айтылды.