Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қарасу ауданындағы кездесу

Қарасу ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлы жұмыс сапарымен болды. Депутат Қарасу ауылшаруашылық колледжінің, сондай-ақ Қарасу жалпы білім беретін мектебінің ұжымдарымен кездесті. Кездесу барысында халықты толғандыратын мәселелер - бұл сумен жабдықтау, газдандыру, интернет жылдамдығын жақсарту, ең төменгі жалақыны көтеру және тағы басқа мәселелер талқыланды. Депутат сондай-ақ Қарасу ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Аталған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Оны 2023 жылғы желтоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жұмыс бағдарламасының соңында мәжілісмен Ленино ауылында болды, онда «Бірлік-Өмір» ЖШС қызметкерлеріне арналған бес тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, осы елді мекенде жақын арада көпфункционалды хоккей корты дайын болады, оның айналасында жүгіру жолын орнату жұмыстары жүргізілуде. Айта кету керек, бұл нысандар Қарасу ауданы бойынша «Amanat» партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына кіреді. Іс-шараларға сондай-ақ «Amanat» партиясы Қарасу аудандық филиалының төрағасы Қайрат Мұқанов, сондай-ақ Қарасу аудандық мәслихатының төрағасы Серік Қажиев қатысты.