Депутат сондай-ақ Сарыкөл кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Аталған нысанның құрылысы ағымдағы жылдың шілде айында басталды. Оны 2023 жылғы желтоқсанның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, аталған нысандар Сарыкөл ауданы бойынша « C » партиясының Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасына кіреді. Іс-шараларда депутатқа Сарыкөл ауданының Әкімі А.Қ. Балғарин, Сарыкөл аудандық мәслихатының төрағасы Д.Т. Әбжамалов, «AMANAT» партиясы Сарыкөл аудандық филиалының төрағасы Б.Х. Сатаев, «AMANAT» партиясы Сарыкөл аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәукенов А.А.