Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кездесу. Алтынсарин ауданы

Алтынсарин ауданына жұмыс сапарымен "AMANAT" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбіл Еркін Аманжолұлы келді. Сапар барысында мәжілісмен Свердловка, Зуевка, Танабаевское ауылдарының су құбырын салу жобасының іске асырылуымен танысты. Үлкен Чураковка ауылында газ құбыры, ауылдық Мәдениет үйі құрылысының барысымен танысты, жалпы білім беретін мектеп жанындағы спорт алаңына барды, сондай-ақ ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.