Бүгінде бірқатар азамат қаладағы жатаханаға орналастырылды. Е. Әбіл жапа шеккен адамдармен әңгімелесіп, мән-жайды тыңдады. Өңірдегі Екідін, Қызылжұлдыз ауылдарының барлық тұрғыны қауіпсіз жерге , яғни қаладағы эвакуациялау пунгктеріне орналасытырылды. Құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қолдан келген көмектің бәрін жасап жатыр. Жалпы 1000 астам адам, 500-ге жуық техника, 4 тікұшақ жұмылдырылды. Барлық жұмыс жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіледі. Ешкім Үкімет назарынан тыс қалмайды. деді депутат.