Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Жылдар. Адамдар. Тағдырлар

Өткен ғасырдың басында капиталистік қатынасы жаңа қалыптасқан Ресейдің құрамдас бөлігі болған қазақ жеріне де сауда-саттықтың тереңдеп кіре бастағаны көзіқарақты оқырманға белгілі. Ұзақ жылдар бойы дағдарыстан шыға алмай келе жатқан қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығына да жаңа экономикалық жағдай әсер ете бастады. Тауарлы-ақша қатынасы қазақ шаруаларын жаңа жағдайға икемделуге итермеледі. Олар енді мал шаруашылығы өнімдерін Ресей нарығындағы бәсекеге төтеп бере алатындай сапалы дайындауды жолға қойды.