Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Кездесу

«Қазақстан-Болгария» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Еркін Әбіл бастаған Мәжіліс депутаттары Болгария Сыртқы істер министрінің орынбасары Тихомир Стойчевпен кездесті. - Біз алдағы уақытта да парламенттік дипломатия арқылы сындарлы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға және тереңдетуге ниеттіміз. Болгария тарапынан парламенттік достық тобы құрылғаннан кейін біз парламентаралық байланыстарымызды нығайтатынымызға сенімдіміз, – деді Мәжіліс депутаты. Тихомир Стойчев өз кезегінде Қазақстанның экономикалық реформаларына және елдегі демократиялық өзгерістерге қолдау білдіре келіп, Қазақстан Болгария үшін Орталық Азия өңіріндегі маңызды әріптес екенін айтты. Тараптар екіжақты сауда-инвестициялық байланыстарды жандандыру және туризм, көлік, логистика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Толығырақ parlam.kz сайтында.