Әбіл
Еркін
Аманжолұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ. МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ.

2023 жылғы   14 маусым жарияланды            

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары – Еңбек және

халықты әлеуметтік қорғау

министрі Т.Қ. Дүйсеноваға

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Құрметті Тамара Қасымқызы!

Депутаттық сауалға жалпы еліміздің білім саласына бағынысты кітапхана қызметкерлерінің, оның ішінде Қостанай облысының  мектеп кітапханашыларының ұжымдық үндеуі себеп болды.

Баршамызға белгілі, AMANAT партиясының электоралды уәделерінің негізінде кітапхана қызметкерлерінің айлық жалақысын арттыру қарастырылған. Алайда, бүгінде бұл шешім тек мәдениет саласына қарасты 4 мыңнан астам кітапханашыларды ғана қамтып, қалған 8 мың педагогикалық салаға жататан кітапхана қызметкерлеріне таралмай отыр.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы кітапхана қызметкерлері парадоксалды құқықтық және әлеуметтік жағдайға тап болып отыр. Мысалы, Мәдениет саласының кітапханашылары негізгі құрамға жатады және еңбекақыны А (меңгерушілер) және В (қатардағы кітапханашылар) төлем топтары бойынша алып, оларға санаты үшін қосымша ақы төленеді. Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі кітапханашылар тиісті еңбек ақысы бар педагог – кітапханашы болып саналады. Ал орта білім ұйымдарының кітапханашылары 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап біліктілік санаты үшін қосымша төлемнен айрылып, мектеп кітапханаларының меңгерушілері көмекші персоналға жатқызылып, С1 шаруашылық бөлімше меңгерушісі еңбек ақы тобына енгізілген.

Қазақстан Республикасында 8 мыңға жуық мектеп кітапханашысы жұмыс істейді, олардың 30 пайызы шағын жинақталған мектептерде толық емес ставкада, олар 3,5 миллион мектеп оқушысы мен жарты миллион мұғалімге қызмет көрсетеді. Ең жоғары есеппен алғанда 136 мың теңгеден, барлық шегерімдерден кейін, кітапхана меңгерушісі 96 мың теңге қолына айлық алады. Жалпы білім беретін мектептердің штаттарына сәйкес 21 сынып жинақталса, директордың орынбасарлары, психолог, медбике, бухгалтердің 1,5 ставкасы енгізілген. Бірақ бұл норма мектеп кітапханашысына қолданылмайды, олар үшін қосымша ставка тек 30 сынып жиналса енгізіледі. Бұл бүгінде жұмысының жүктемесі жоғары кітапхана қызметкерлері үшін саладағы кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауына алып келуде.

Министрліктің ресми ұстанымы - мектепте жұмыс істейтін кітапханашылар ұйымдардың негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруды қамтамасыз етпейді, оқу-тәрбие процесін жүргізбейді және педагогтарға жатпайды. Мектеп кітапханасы шаруашылық бөлім емес, ол кітап қоймасы емес, мектептің зияткерлік орталығы, оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі екенін ескерсек, бұл қаншалықты қисынды және әділ?

Кітаптарды қабылдау, есепке алу, оқырмандарға беру, кітапхана қорларының сақталуын және есептен шығарылуын қамтамасыз ету – бұл мектеп кітапханашысы қызметінің бір қыры ғана. Бүгінде кітапханашылар "Оқитын мектеп – оқитын ұлт" бағдарламасы аясында маңызды оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Кітапхана қызметкері мектептегі мұғалімдер мен оқушыларға оқу-тәрбие үдерісін ақпараттық қамтамасыз етеді, 1-ші ден 11-ші сыныпқа дейінгі оқушыларымен оқу іс-шараларын жүргізеді ("Демалыста оқу" жобалары, виртуалды көрмелер, экскурсиялар, конкурстар, шолулар, челлендждер, кітап тіркемелер және т.б.).

Мектеп кітапханасында көбінесе бір қызметкер жұмыс істейді, ол барлық жұмыс көлеміне жауап береді, мәдени кітапханалардан айырмашылығы, бұл функциялардың барлығы әр түрлі бөлімдердің қызметкерлері арасында бөлінеді. Біреу қор жинайды, біреу жаңа кітаптарды өңдейді, оқырмандарға библиографиялық қызмет көрсетеді, біреу бұқаралық іс-шаралар өткізеді, есеп беру құжаттамасымен айналысады, электронды мәліметтер базасын жүргізеді.

2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және қазан айында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің отырысында оқу сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы мәселе көтерілген болатын. 2020 жылдың қазан айының соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Оқулық" ғылыми-практикалық орталығының директоры, «Білім беру ұйымдарының кітапханаларын перспективалық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жол картасымен" таныстырды. Бұл құжатта "Кітапхана қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және әлеуметтік мәселелерін шешу" туралы өте маңызды мәселе көтерілген болатын.

2020 жылдың қараша айында Қазақстанда " Оқитын мектеп – оқитын ұлт" жобасы іске қосылды. Қазір бұл жобаны іске асыру белсенді жүріп жатыр: мектеп кітапханаларын жаңғырту, жаңа әдебиеттерді сатып алу, кітапхана жұмысының мазмұның өзгерту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, жұмыс тәжірибесін тарату. Білім бөлімдерінің тапсырысы бойынша әрбір мектеп кітапханашысы өзінің "Оқу мектебі" жобасын құрастырып, қазір оны белсенді түрде жүзеге асыруда, өз іс-шараларын офлайн және онлайн форматта өткізуде. Бірақ, бұл жобаның парадоксы, оны мектептің негізгі емес, көмекші қызметкері болып табылатын мектеп кітапханашысы іске асыруда.

Қазақстан Республикасында 8 мыңға жуық мектеп кітапханашысы жұмыс істейді, олардың 30 пайызы шағын жинақталған мектептерде толық емес ставкада, олар 3,5 миллион мектеп оқушысы мен жарты миллион мұғалімге қызмет көрсетеді. Ең жоғары есеппен алғанда 136 мың теңгеден, барлық шегерімдерден кейін, кітапхана меңгерушісі 96 мың теңге айлық алады. Жалпы білім беретін мектептердің штаттарына сәйкес 21 сынып жинақталса, директордың орынбасарлары, психолог, медбике, бухгалтердің 1,5 ставкасы енгізілген. Бірақ бұл норма мектеп кітапханашысына қолданылмайды, олар үшін қосымша ставка тек 30 сынып жиналса енгізіледі.

Заманауи білім беру жүйесі мектеп кітапханашыларына үлкен талаптар қойып отыр. Кітапханашыдан, баспа және электрондық портфолиосы, біліктілікті арттыру курсынан өту туралы сертификат, педагогикалық кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында сөйлеген сөздері, БАҚ-та жарияланымдары, ұлттық білім беру деректер қорын толтыруы мұғалім секілді талап етіледі. Бұл саладағы кадрлардың тапшылығы мен тұрақтамауының басты себебі – жалақының төмендігі. Мұғалімдер мен мәдениет саласының кітапханашыларының жалақысын кезең-кезеңімен арттыру мектеп кітапханаларының қызметкерлеріне әсер етпей, тең еңбекке тең еңбекақы төлеу қағидасын бұзады.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты келесі шараларды ұсынамыз:

1. Мектеп кітапханашыларының еңбекақысын мәдениет саласындағы кітапханалардағы еңбекақы деңгейіне дейін арттыру туралы мәселені шешу;

2. Мектеп кітапханасының 1 қызметкеріне жүктеме нормативтерін қайта қарау: мектеп кітапханасы меңгерушісінің 14 сынып жинақталса 1 ставка, 21 сынып - жинақталса - 1,5 ставка, 28 класс - жинақталса - 2 ставка;

3. Оқу қорымен жұмыс істегені үшін 30 пайыз қосымша төлемдерді негізгі лауазымдық жалақысы емес лауазымдық жалақысынан есептеп, есептеу тәртібін қайта қарастыру.

Құрметпен,

«AMANAT» партиясының депутаттары                            Е. Әбіл

Ж. Сүлейменова

А. Әлтай

«Республика» партиясының депутаты                               Н. Тау

«Қазақстан халық» партиясының  депутаты                    И. Смирнова