2024 жылғы 3-12 қаңтар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Т. Адамбеков өңірлерге жұмыс сапары шеңберінде Астана қаласы мен Қарағанды облысының 7 елді-мекеніне барып, онда 638 адамның қатысуымен 12 кездесу өткізді.
Осы кездесулерде Мемлекет басшысы бастамашылық еткен реформалардың орындалуы, сондай-ақ "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іске асырылуы туралы айтты.
Кездесу барысында депутат сайлаушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Бұл - негізінен білім беру мен медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету және ипотека алу, әлеуметтік қамсыздандыру және арнайы әлеуметтік төлем алу, жол жөндеу, газдандыру және т.б. қатысты мәселелер.