ӘЛІШЕВ
Қазыбек
Құрманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Рахметоллаұлы Егізбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің отырысы өтті.

Отырыста басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын комитет мүшелеріне бөлініп, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобаларын талқылап және қорытындылар бекітілді.

Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Аграрлық мәселелер комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау, көктемгі далалық егістік жұмыстарын қаржыландыру, лизинг, жеңілдетілген несиелендіру сияқты өзекті сұрақтар комитеттің сәуір, мамыр, маусым айларында қаралатын болады.