Аудан орталығы Мәртөк ауылы, Ақтөбе қаласынан 72 шақырым қашықтықта орналасқан. Ауылының тұрғындар саны 10634 адамды құрайды.
Алдымен, Сарыжар ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектеп құрылысымен танысып, одан кейін мектеп ұжымымен мазмұнды кездесу өткіздім.
Келесі кездесу Саржансай ауылындағы
«Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларымен болды. Кезлесу аясында көпшіліктің мәселелерін тыңдап, жобаларымен таныстым.
Келесі нүкте - Мәртөк ауылындағы екі пәтерлі 39 үйдің құрылысы болды. Бұл жоба шамамен 2024 жылдың мамыр айында аяқталуы тиіс.
Келесі маңызды шаралардың бірі - Мәртөк Орталық аудандық ауруханасында орын алды. Онда аурухана ұжымымен ашық әңгімелесу форматында кездесу өткізіп, сайлау алдындағы жол картасы шеңберінде жөндеу жұмыстарының барысымен таныстым.
Қорытынды жиын Мәртөк ауылының тұрғындарымен кездесу болды. Кездесуге 70-жуық адам қатысып, ашық әңгімелесу форматында жақсы талқылау жасадық.
Содан кейін, «AMANAT» партиясының Мәртөк аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау жасадым.