Одан кейін, әріптесім Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменовамен бірге «Қазақстандық мұнай жабдығы зауыты» ЖШС мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру зауытының құрылыс алаңында болып, жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен таныстық. Зауыт жұмысшыларымен кездесуде өзекті мәселелер мен заң жобалары талқыланды.
«Қазақстан мұнай жабдығы зауыты» 2017 жылы ашылған. Кәсіпорын екі жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа партияның Жол картасы аясында 4,9 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, 100 жұмыс орны құрылды.
Келесі кезекте, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілген «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС-н жаңғырту жұмыстарымен таныстық.
Бұл комбинат Қазақстандағы ең ірі жоғары технологиялық диірмен кешені болып табылады. Оның өндірістік қуаты жылына 140 000 тонна астықты өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл облыстың ұнға деген қажеттілігін толық жабады, сондай-ақ 120 000 тоннадан астам астықты сақтауға қабылдайды. Мұнда қазір 300 адам еңбек етеді. Кездесуде сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, олардың мәртебесін көтеруге байланысты біздің тарапымыздан жасалып жатқан жұмыстарымызды да атап өттік.