ӘЛІШЕВ
Қазыбек
Құрманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
2024 жылғы 5-қаңтарда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына жұмыс сапарымен бардым.

Қарабұтақ ауылынан шыққан соң, Т.Жүргенов ауылының Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен, азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, сарапшылар қауымдастығымен, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде болдық. Жиында тұрғындарға ауылшаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелерді баяндап, олардың ұсыныс тілектерін назарға алып, бірлесе талқылаулар жасалық.

Одан кейін, «AMANAT» партиясының Әйтеке би аудандық филиал ғимаратында жергілікті тұрғындарды қоғамдық қабылдау өткіздік. Қабылдауында болған тұрғындар тарапынан жастарды қолдау, шегіртке мәселесі , жер учаскесін тиімді пайдалану үшін мемлекеттен жеңілдіктер қарастыру, ауыл аманаты жобасы бойынша кепілдемені басқа облыстан қоя отырып несие рәсімдеу және жабасақ елді мекеніне көгілдір отын жүргізу мәселелері қойылды.