АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
«BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңында М. Жұмабаев атындағы колледж студенттерімен кездесу

Image title

Image title

Image title

«BIR TOLQYNDA» диалогтық алаңында М. Жұмабаев атындағы колледж студенттерімен, жастармен кездесіп, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаты Екатерина Смышляевамен Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауын талқыладық. “Көздерінде от ойнар, сөздерінде жалын бар” жастардың айтары көп. Саяси сауаты жоғары, қоғам тынысына бейжай қарамайды. Жастармен бір толқында болу - біздің міндетіміз.

Осындай диалогтық алаңдарда талқылау еліміздің барлық аймақтарында өтуде.

Жолдауда айтылған бастамалар, ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға және экономикамызды дамытып, әртараптандыруға бағытталған. Олардың жүзеге асуы мемлекетіміздің дамуының алдағы векторына тың серпін береді.

Сондай-ақ анықталған бірқатар ортақ мақсатқа жетуде әр жастың, Жастар қанатының әр белсендісінің қосып жатқан үлесі ерекше. Мемлекет басшысы айтқандай – жарқын болашақ жастар үшін емес, жастармен бірге құрылуда.

Мұнымен қоса, Үкіметке жаңа міндет қойылды – 2026 жылға қарай IT қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға дейін арттыру. Ол ірі шетелдік IT-компаниялармен ынтымақтастық және бірлескен кәсіпорындар ашу осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететінін атап өтті. Осы бағытта жастардың қосар үлесі айрықша мол болады деген ойдамын.

Президент ерекше мән берген Абай атамыздың «толық адам» дәрежесіне қол жеткізген жастардың көп болуын қамтамасыз ету ендігіде біздің Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты құрал болып қалмақ.

Image title

Image title