АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Ақтоғай ауданында жұмыс сапары

https://m.facebook.com/story.php?&&

Image title


Жұмыс сапары Ақтоғай ауданында жалғасын тапты. Әуелі аттың басын Әуелбек ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйі мен Қараоба ауылында бой көтеріп жатқан спорт кешеніне бұрылды.

Құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтап пайдалануға беруге уәде еткен мердігерлердің жұмысын, оның сапасын тұрақты бақылауда ұстау маңызды.

Қожамжар ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді толғандырған мәселелер талқылады.

Жұртшылық бірқатар ауылшаруашылық жер телімдерінің шаруалардың қолына өтіп, жыртылуынан қауіптенетінін жеткізді. Бұл өз кезегінде жергілікті қауымның өрісін тарылтуы мүмкін.

Мәселені бірден аудан әкімі Қаршыға Зәлмұқанұлымен талқыға салып, таразыланды.

Әкім аталған аумақтың жайылым ретінде ғана қолданылып, жыртылмайтындығына уәде берді. Яғни, жердің нысаналы мақсаты өзгермейді.

Одан бөлек, ауылда ауызсу мәселесі әлі де өзекті. Жерлестер осы мәселені де қаперде ұстауыды тапсырды.