Бүгін “Amanat” партиясының Павлодар облыстық филиалында әріптесім Вера Киммен бірге аймақтағы денсаулық сақтау және фармацефтика саласының өкілдерімен кездесу өткіздік. Кездесуге Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко және партияның атқарушы хатшысы Айгүл Маликова қатысты.
Кездесуде саладағы өткір мәселелер тілге тиек болды.
Атап айтсақ, облысқа диплом арқалап келіп жатқан жас дәрігерлерге көтерме ақының бірыңғай әрі уақытылы берілмеуі, ауылдық жерге орналасқан мамандарды баспанамен қамту, емханалардық кредиторлық қарызға кіріп қалуы сынды өзекті жайлар сөз болды.