АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Павлодар қаласының кардиологиялық орталығының қызметкерлерімен кездесу

Image title

Image title

Image title

Павлодар қаласындағы кардиологоялық орталық жұмысымен таныстым.

Жылына 600-ден астам азаматтың жүрегіне күрделі ота жасайтын орталықтың жұмысында тыным жоқ.

Ашылғанына он жылдан асқан нысанның арнайы құрылғыларының дені ескіріп қалған. Алдағы уақытта үздіксіз жұмыс жасап тұрған аппараттарды жаңарту жүргізілмек. Қосымша балалар жүрек ауыруларын емдеу бағытын кеңейту көзделуде. Бұл бағытта жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз.

Дәрігерлердің айтуынша жыл сайын жүрек қантамырымен ауыратын тұрғындардың саны артып келеді. Оған себеп адам ағзасына көп зақым әкелген короновирус індетінің салдары.

Айта кетер жай, бүгінде елімізде осындай жүрек қантамырларын емдейтін 5 орталық бар.


Image title


Image title