Өңірге сапар барысында “AMANAT” партиясының “Халықпен бірге”сайлауалды бағдарламасының өзім жауапты бекітілген 37 бөлімінің орындалу барысымен таныстым. Яғни, балалардың мектепке дейінгі мекемелермен қамтылу деңгейінің 2023-2027 жылдарға арналған қадамдық жоспары.
Павлодар облысында бұл жоспар былтырғы жылы жүз пайыз орындалған. Ал, биылғы міндет 97 пайыз межеге жеткен. Айтарлықтай нәтиже әрине.
Бірнеше балабақша күрделі жөндеуден өтіп, заманауи құралдармен жабдықталған. Әрі Достық шағын ауданында салынып жатқан шағын орталық күзге дейін пайдалануға берілмек.
Өкінішке орай, сайлауалды бағдарламаның аталған бөлігі еліміздің кейбір облыстарында төменгі деңгейде жүзеге асырылуда. Аталған бағытта оң нәтижеге жету үшін, тиісті министрлікпен бірлескен жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Бірқатар аймақтарға депутаттық сауал да жолдадық.
https://www.instagram.com/reel/C85ExTitW0x/?igsh=bm4zMHkwcHpvamJt