Бірқатар әріптестеріммен бірге Павлодар облысының Баянауыл ауданына жұмыс сапармен бардық.
Сапар барысында Майқайың кентіне ат басын бұрып, «Майқайың Алтын» шахтасында зардап шеккен отбасылармен кездесу өткіздік.
Жыл басында “Майқайың Алтындағы” апат орнында болып, қазіргі жағдайын көзбен көрдік. Үйінді астында қалған екі азаматты іздеу құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.
Сондай-ақ кеніш басшылығымен ағымдағы жағдайды және зардап шеккендерге көрсетілетін қолдау шараларын талқыладық.
Баянауыл ауданындағы әуежайдың жұмысымен танысты. Әуежайдың инфрақұрылымын қарап, оның даму перспективаларын басшылықпен сараладық.
https://www.instagram.com/reel/C89drxxNt5P/?igsh=MXhwZnlxZHF6MG5uYw==