Бүгін әріптестерім «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Нұржан Әшімбетов, Вера Киммен бірге Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орманына болдық. Онда орманшылармен кездесіп, қорықтың алдағы өрт қаупі кезеңіне дайындығын сараладық.
«Ертіс орманы» бас директорының міндетін атқарушы Қазбек Аметовтың айтуынша, техника паркін жаңарту жұмысы жалғасып жатыр. Биыл сәуір айынан бастап 23 бейнебақылау мұнарасы іске қосылған. Ол орман аумағындағы 70 өрт ошағының 50-і осы камералар арқылы анықталғанын жеткізді. Бұл заманауи технологияның тиімділігін көрсетіп отыр.
Сала мамандарының айлық жалақысының көтерілуі де жұмысқа оң серпін беруде.
Жалпы жыл аяғына дейін жыл соңына дейін “Ертіс орманы” тағы бірқатар өрт сөндіру көліктері және өзге де қажетті құралдарымен толықпақ.
Алдағы уақытта өңірдегі өзге де ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен орманды алқаптың қауіпсіздігін қадағалауды арттырудың маңызы зор.