АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотында Комитеттің шөшпелі отырысы

Image title

Image title

2023 жылғы 12 мамырда Мәжіліс төрағасының орынбасары Д.М.Еспаева және Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары Конституциялық Соттың судьяларымен және Аппаратының қызметкерлерімен кездесті.

Кездесу барысында конституциялық бақылау органының 4,5 айдағы жұмысы, конституциялық іс жүргізудің тәртібі мен міндеттері таныстырылды.

КС судьялары мен депутаттар конституциялық іс жүргізуге қатысу, сарапшылар мен мамандарды тарту, соның шеңберінде отырыстарды БАҚ-та жариялау мәселелерін талқылады.

Кездесуге қатысушылардың назары 2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Венеция комиссиясының (Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссия) тиісті ұсынымына аударылды. Атап айтқанда, конституциялық құқық жөніндегі осы консультативтік орган: “Саяси биліктің іс жүргізуге қатысуы Конституциялық сотқа осы биліктің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қаралып отырған заңға байланысты туындайтын құқықтық қиындықтарды жақсырақ бағалауға және шешуге мүмкіндік беретіні дұрыс деп есептеледі", - деп кеңес береді.

Кездесудің қорытындысында мемлекеттік органдардың норма шығару және құқық қолдану практикасы шеңберінде қатысу және Конституциялық Соттың қорытынды шешімдерін орындау мәселелері бойынша одан әрі талқылауды жалғастыруға келісті.


Image title