АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы

Image title

Image title

Image title

2023 жылғы 23 мамырда QAZPATENT ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің «Адвокаттар мен заң кеңесшілерінің білікті заң көмегін көрсетуі» тақырыбында көшпелі отырысы өтті. Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы, заң консультанттары палаталары қауымдастықтарының, Республикалық нотариаттық палатаның, Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету саласын жетілдіру және оны автоматтандыру бойынша жұмысты жалғастыру мәселелерін талқылады. Кездесуді ашқан ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Мемлекет басшысы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігінде заң қызметтерін көрсетуге ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Бүгінгі таңда республика бойынша 5 891 адвокат және 13 010 заң кеңесшісі заң көмегін көрсетуде. «2022 жылғы 20 маусымнан бастап «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңға тегін заң көмегіне кепілдік берілген адамдар тобын кеңейтетін өзгерістер енгізілді. Енді аз қамтылған және көп балалы отбасылар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, азаптау құрбандары, 1 және 2 санаттағы мүгедектер, зейнеткерлер тегін көмек ала алады», – деді өз сөзінде Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков. Әділет вице-министрінің айтуынша, өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Мысалы, 2021 жылы мұндай көмек 122 337 азаматқа, ал 2022 жылы 169 495 азаматқа көрсетілді. Құқықтық кеңес беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін алған азаматтар саны артты. Егер 2021 жылы азаматтардың жалпы санының 12,6% ғана құқықтық кеңес алса, 2022 жылы құқықтық кеңес беру 32% құрады. Отырыста қатысушылар заң көмегін көрсету жүйесін одан әрі жетілдіру, «Е-заң көмегі» ақпараттық жүйесін дамыту, сондай-ақ депутаттардың ұсынымдарында көрсетілетін адвокаттар мен заң консультанттарына сағаттық мөлшерлеме бойынша уақытты ықшамдау жолымен заң көмегін көрсеткені үшін төлемді ұлғайту мәселесі бойынша түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар айтты.

Image title