Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің ұйымдастыруымен бір топ әріптестермен Екібастұз қаласында іс-сапарда болдық.
Қыста орын алған қаланы жылыту қазандығы мен жылу жүйесіндегі апаттың салдарымен күрес жұмысы қызу жүріп жатыр. Істің барысы мен мемлекеттен бөлінген қаражаттың тиісті жерге жұмсалуын қадағалау маңызды екені анық.
Әзірге қазандықтар мен құбыр желулерін жөндеу жұмыстары жоспар кестесіне сай жүргізіліп жүруде.
Жұмыс күнінің аяғында облыс әкімі Асайын Байхановтың және жауапты мекемелер мен акционерлер өкілдерімен бірге іс барысын жан-жақты талқылау жиыны өтті.
Басталған жөндеу жұмыстарының жүйелі әрі сапалы жүргізілуін алдағы уақытта да жіті бақылауда ұстайтын боламыз.
