АМАНТАЙҰЛЫ
Жарқынбек

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

Депутатқа хат
Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы тараптар азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялады

Image title

Бүгін Мәжілістің Жалпы отырысында депутаттар Қазақстан мен Қытай Үкіметі арасындағы тараптар азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімді ратификациялады.

Келісім Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының көші-қон және қос азаматтыққа қарсы іс-қимыл саласы құзыретті органдары арасындағы ынтымақтастықта құқықтық негіз қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Құжат тараптар азаматтарына қатысты көші-қон саласында ақпарат алмасу бойынша өзара іс-қимылды, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болады.

Мәжіліс заң жобасын қабылдап, Сенаттың қарауына жіберді.